"Самұрық-Қазына" қорды реформалау жоспарын жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" қорды реформалау жоспарын жариялады Фото: sk.kz

"Самұрық-Қазына" қорды реформалау жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" қорды реформалау жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жоспар кадр саясатын, сатып алу жүйесін өзгерту бойынша жүйелі шараларды, қор мен портфельдік компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, бизнесті қолдау, комплаенс-сервис процестерін жетілдіру, дивидендтік және инвестициялық саясатқа жаңа тәсілдер, активті басқару, жекешелендіру және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамаларды көрсетеді", - делінген хабарламада.

Қор жоспарды іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді деп күтеді:

  • мұнай өңдеу нарықтарына қатысушылар үшін қор портфелі компаниялары тарапынан ашық тетіктерді енгізу және кедергілерді жою, мұнай және мұнай өнімдерінің маркетингі, газ нарығын дамыту, көмір және электр энергиясын жеткізу, инфрақұрылымға қолжетімділік, вагондарды жеткізу, телекоммуникациялар;
  • бірінші кезеңде өндірістік персоналдың жалақысын орташа салалық деңгейге дейін арттыру;
  • тікелей әрекет ету нормалары бар мемлекеттік органдармен және бизнеспен келісілген сатып алудың жаңа бірыңғай ережелерін енгізу;
  • отандық тауар өндірушілердің үлесін 78 пайыздан 85 пайыздан астамға дейін ұлғайту;
  • үкіметтің тапсырмасы бойынша іскерлік серіктес ретінде бизнес сұраныстарына сәйкес жаңа өндірістерді, импортты алмастыратын өндірістерді дамыту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Жоспарға сәйкес 2022 жылдың сәуірінде "Самұрық-Қазына" корпоративтік орталығының әкімшілік-басқарушы персоналының санын екі есеге қысқарту жоспарланған.

"Самұрық-Қазына" қорын реформалаудың егжей-тегжейлі жоспарын мына сілтемеден көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети