"Самұрық-Қазына" шетелдік мамандардың қызметінен бас тартуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Коллаж © Тengrinews.kz Коллаж © Тengrinews.kz

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ таяу жылдары шетелдік мамандардың қызметінен бас тартуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның адами ресурстарды басқару жөніндегі Бас директоры Даниэль Крюсбергке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ таяу жылдары шетелдік мамандардың қызметінен бас тартуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның адами ресурстарды басқару жөніндегі Бас директоры Даниэль Крюсбергке сілтеме жасап.

"Бірнеше жылдан кейін бізге шетелдік мамандарды шақырудың қажеті болмайды, себебі бізде өзіміздің, отандық мамандар болады. Мүмкіндік бар. Бар болғаны - бірге жұмыс істеп, бір-біріміз жайлы біліп, қол ұстасып алға қарай бірге жылжуымыз керек", - деді ол "Самұрық-Қазына" компаниялар тобының HR-ын түрлендіру туралы әңгімелеп отырып.

Крюсбергтің ойынша, HR туралы бизнестен бөліп жарып айтуға болмайды. "Біз өте маңызды қолдаушы функциямыз, біз бизнес үшін қосымша құнды құрып, бизнес-міндетті ұғындыруды тездетуіміз керек. Біздің әкімшілік міндетіміз - бұл іргетас, жақсы жұмыс істеуі тиіс негіз, бірақ бізге бұл жерде стратегиялық өзара түсіністікті құру қажет. Ол үшін бізде мән, мүмкіндік болуы тиіс және бұл белгілі бір жұмыс пен дамушылықты талап етеді", - деді ол.

"Біріншіден біз бизнес-трансформацияны түсініп алуымыз керек. Бизнес-трансформация өте қажет, себебі ол осы компания басшылығының қиялынан басталады. Қиял пайда болған кезде осындай сценарийде не болуы тиіс, біз қазір қалай жұмыс істеп жатырмыз деген анализ шығады", - деді Крюсбрег.

HR маманының айтуынша, осы мақсаттарға жету үшін өзгеріс қажет. "Үш негізгі міндет пайда болады. Біріншісі - компания құнын арттыру. Бұл компаниялардың одан әрі қымбаттап, акционерлеріне үлесақысын төлей алуы үшін керек, яғни үкіметке. Екіншіден, қоржынды қайта құрылымдауға қарау қажет. Шикізаттан бөлек экономиканың өзгеде секторларына қандай жолмен қаржы салуға болатынын ойлау керек. Бұл жердегі әңгіме қоржынды әртараптандыру жөнінде, біз бәрінен бұрын шикізат емес секторды ұлғайтуға назар аударуымыз керек. Бұдан әрі - ұжымдық басқару. Біз қорыта келгенде, бұдан да жоғары коммерциялық, стратегиялық бағдарланған кәсіпорын болуды қалаймыз", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro