Шетелдіктер теңгенің тұрақсыз бағамына қарамастан, Қазақстанға ағылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдіктер теңгенің тұрақсыз бағамына қарамастан, Қазақстанға ағылып жатыр © rustraining.ru

Шетелдіктер теңгенің тұрақсыз бағамына қарамастан, Қазақстанға ағылып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы ірі рекрутингтік агенттіктедің бірінің мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдіктер теңгенің тұрақсыз бағамына қарамастан, Қазақстанға ағылып жатыр, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы ірі рекрутингтік агенттіктедің бірінің мәліметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Қазақстанға жұмыс іздеп келгендердің өзін де көк қағаздың шарықтаған құны қорқытар емес. Бастысы нәпақа тапсақ болды деген олар жалақыны теңгемен алуға көндіккендей.

Рекрутингтік агенттіктің бас директоры Алма Жандәулетованың айтуынша, елімізге Украинадан келетіндердің қарасы көбейген. "Азаматтарға айтарым, қазір жұмыс орнын жоғалтпау маңызды. Жұмыссыздар саны артпаса, кемімей отыр. Бізге қоңырау шалып жатқандар өте көп. Барлығы жұмыс орнының қысқарғанын айтады. Әрине, сәйкесінше жұмыс берушілер де азайған. Көптеген компаниялар бос орындарға адам алуды уақытша тоқтатып тастады. Тағы бір үлкен мәселе - Украинадан жұмыс іздеп елге ағылғандар саны өсіп барады. Олар кез-келген жұмысқа, кез-келген валютадағы жалақыға келіседі. Өйткені қазір ешкім көк қағазбен айлық төлемейтіні түсінікті", - деді ол.

Еске салайық, KASE қор биржасының күндізгі сессиясында доллар бағамы 367,61 теңгеге тең болған еді. Бұл 11 қаңтарда Brent мұнай маркасы 2004 жылдың сәуірінен бері психологиялық меже саналатын 32 долларға төмендеп, ал WTI маркалы мұнайы 5 пайыздан аса арзандағаннан кейін болды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети