Шілдеде теңгенің әлсіреуіне не себеп болды? Ұлттық банк жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шілдеде теңгенің әлсіреуіне не себеп болды? Ұлттық банк жауабы

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар мен валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторлар мен валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ай қорытындысы бойынша, теңге бағамы 477,07-ге дейін 1,5 пайызға қалыпты түрде әлсіреген. Мұндай динамикаға сыртқы факторлар мен ішкі факторлар да ықпал еткені айтылды.

"Екінші ай қатарынан мұнайға баға белгілеу төмендегенін атап өткен жөн. Бұдан басқа, АҚШ-та мөлшерлемелерді агрессив көтеру - ұлттық валютаға, сондай-ақ дамушы нарықтардың валюталарына қысым жасауын тоқтатқан жоқ.

Ішкі факторлар жағынан жалғасып келе жатқан демалыстар кезеңі мен компаниялардың дивиденд төлеуі бір ай ішінде шетел валютасына деген сұраныстың артуына ықпал етті. Мәселен, сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі өткен айдағы 96,4 миллион АҚШ долларымен салыстырғанда, шілдеде 118,6 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайды. Шілденің аяғына қарай теңге бағамы позициясын біршама қалпына келтіріп, экспорттаушылардың салықтық төлемдері арқасында әлсіреу қарқынын азайтты", - деді маман.

Әлия Молдабекованың айтуынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 543,9 миллион АҚШ доллары көлемінде сатуы, сондай-ақ 599,2 миллион АҚШ доллары мөлшерінде ҚРҰҚ-тан трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы айырбастау бағамына бір ай бойы қолдау болған.

Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізбегені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети