Сот "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының баннері "Kcell" акционерлік қоғамының жарнамасының қасында орналастырылғаны туралы жағдай бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірінші компанияның өкілдері Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Kcell рекомендует Tele2" жарнамасын заңсыз деп таппағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Kcell ұялы байланыс операторы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің
табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне Tele2 компаниясының үстінен шағым түсірген еді. Компания жосықсыз бәсеке жасады деп айыпталды. Өз кезегінде Tele2 өкілдері "Kcell рекомендует Tele2" жарнамасында заңбұзушылықтың жоқ екенін мәлімдеді, себебі, олардың пікірінше, Қазақстанның заңнамасында бір шаруашылық жүргізуші субъекттің екіншісінің жарнамасын ілмеу керек деген тыйым жоқ. Сонымен қатар, фирма өкілдері жарнама сөзі 2014 жылы тамыз айы бойында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің нәтижесіне негізделгенін мәлімдеді. Ал зерттеуге сәйкес, компанияның 40 пайыз абоненті оны өз таныстарына кеңес етеді.
Айта кетейік, "Kcell рекомендует Tele2" жарнама баннерлері ұзақ уақыт ілінбеді. Оны белгісіз біреулер алып кетті. Осы дерекпен Tele2 өкілдері құқық қорғау органдарына шағым түсірді.