"Транстелеком" байланыс операторы 9 миллиард теңгеге сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Транстелеком" байланыс операторы 9 миллиард теңгеге сатылды "Транстелеком" АҚ логотипі

"Транстелеком" байланыс операторы шамамен 9 миллиард теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына Контракт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Транстелеком" байланыс операторы шамамен 9 миллиард теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына Контракт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сілтеме жасап. 

Келісім жекешелендіру бағдарламасының аясында жүзеге асты. "Транстелеком" АҚ акциясының 49 пайызын "Қазақстан темір жолы"ҰҚ" акционерлік қоғамымен сату-сатып алу туралы келісімшартына қол қойылды. Алғашқы бағасы 6,82 миллиардтан басталған акция 8,94 миллиард теңгеге сатылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сату-сатып алу келісімшартында сатып алушы тарап келісімшартқа қол қойылғаннан бастап бір жылға дейін қызметкерлерді қысқартпайды және "ҚТЖ"ҰҚ" акционерлік қоғамындағы ұжымдық келісімнің талаптарын орындайды.

"Транстелеком" АҚ Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі. Кәсіпорын 1988 жылы құрылған. Компания жергілікті, халықаралық деңгейде байланыс, интернетке қосу, радиотелефон байланысын дамыту, ұялы байланыс, жылжымалы радиобайланыс сияқты қызмет көрсету түрлерімен айналысады.

Айта кетейік, Жекешелендірудің жүйелі жоспары аясында 2014-2016 жылдары 106 еншілес және тәуелді ұйым "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамына кіреді. Осыған дейін құны 36,65 миллиард теңге болатын 27 актив қосылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети