Цеснабанк директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цеснабанк директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды © primeminister.kz

Николай Мещеряков Цеснабанк директорлар кеңесін басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николай Мещеряков Цеснабанк директорлар кеңесін басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.

Хабарламада қаржы институтының директорлар кеңесінің құрамынан Қайрат Сатылғанов пен Ержан Тажияқов шығарылғаны айтылады. 

Николай Мещеряков Цеснабанк директорлар кеңесінің құрамына 2008 жылы 21 қарашада кірген. 2018 жылы 19 қазаннан бастап ол "Финансовый холдинг "Цесна" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. Сондай-ақ, ол "Корпорация "Цесна" директорлар кеңесінің құрамына кіреді. 

"Цесна" құрылымында ол 1990 жылдан бері қызмет етіп келеді. 

Қазіргі уақытта "Цеснабанк" АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Ульф Вокурка, Николай Мещеряков; Виктор Фогель; Эдуард Бабаян; Ұлан Байжанов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети