14 қыркүйек 2018 11:10

"Цеснабанктен" 450 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелі сатып алынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет пен Ұлттық банк "Цеснабанктен" 450 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Үкімет пен Ұлттық банк "Цеснабанктен" 450 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің аграрлық секторды қосымша қолдаудың жаңа іс-шаралары туралы бірлескен мәлімдемесінде айтылады.

"Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ "Цеснабанктің" қаржылық тұрақталығын нығайтады. "Цеснабанктің" акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қаражаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады. Экономиканы жаңғыртудың Үшінші толқыны мен өсімнің жаңа моделін құрудың қазіргі жағдайында Агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы арта түсуде. Бұл - стратегиялық сала. Әлеуетті локоматив. Біздің мақсатымыз - алдағы 5 жылдың ішінде Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі мен қайта өңделген өнімдер экспортын 2,5 есеге ұлғайту. Бұл орайда біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қаржыландыру мен өнім өткізу рыноктарының қолжетімді болуына және экспортты дамытуға жұмыс істеудеміз", - делінген үкімет сайтында.

Сонымен бірге, мәлімдемеде әлемдік рыноктағы ахуалдың тұрақсыз әрі жылдам өзгеріп жатқаны айтылады.  "Валюталық несие түрінде жүктемесі бар аграрлық сала сыртқы себептердің ауыртпалығы жағдайында дамуда. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық Банк ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және бүкіл аграрлық секторды қолдаудың қосымша іс-шаралар пакетін дайындады. Басты мақсат - саланың серпінді өсуіне қажетті жағдай жасау, жаңғыртудың қарқынын төмендетпеу, күрмеуі күрделі мәселелерді шешу. Іс-шаралардың ішінде АӨК кәсіпорындарына түсетін борыштық жүктемелерді азайтуға және олардың борыштық ауыртпалықтарын азайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Іске асыру тетіктері - ҚазАгро Холдингінің талаптарын қайта құрылымдау және долларсыздандыру, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа құралдарын пайдалану", - делінген мәлімдемеде.

"Іс-шаралар пакетінде қаржылық институттардың, оның ішінде АӨК дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша серіктес-банктердің жұмысына серпін беретін бірқатар қаржылық тетіктер бар. "Цеснабанк" "Агробизнес 2020" бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Оның үлесіне саланы несиелендірудің 65 пайыздан астамы тиесілі. Сол себептен, "Цеснабанк" "ҚазАгро" Холдингімен бірлесе отырып, берілген валюталық несиелер мен қарыздарды қайта қаржыландыруды және олардың мерзімдерін ұзарту мәселесін қолға алды. Бұл шараларды іске асыру отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүддесін қорғайды, несиелендірудің көлемін арттырады және аграрлық секторды жаңғырту саясатына қолдау жасайды", - делінген мәлімдемеде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети