ТҮҚЖБ басшысы кепілсіз кредиттер туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТҮҚЖБ басшысы кепілсіз кредиттер туралы айтып берді © 7kun.kz

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" еншілес құрылыс қатысушыларына кепілсіз кредит беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы банктің басшысы Ләззат Ибрагимова үкіметтің бапасөз орталығында мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" еншілес құрылыс қатысушыларына кепілсіз кредит беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы банктің басшысы Ләззат Ибрагимова үкіметтің бапасөз орталығында мәлімдеді. 

"Жақсы хабарым бар. Қазақастанда Баспана құрылысын кепілдендіру қоры барын білесіздер, ол - "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы. Ол құрылыстың аяқталуын кепілдендіру мен азаматтарға еншілес құрылысқа қатысуға мүмкіндік беру үшін құрылған. Міне, енді алғашқы жоба. Қыркүйектен бастап құжат қабылдаймыз, ол "Астана Миллениум парк". Салымшыларымызға баспананың шаршы метрін 290 мың теңгеден беретін боламыз", - дейді Ибрагимова. 

Ол еншілес құрылысқа қатысушыларға кредит кепілсіз берілетінін атап өтті. 

"Кредиттік желі ашып береміз, кепілсіз беретін боламыз. Яғни еншілес қатысушының келісімшарты кепіл болады. Өйткені "Базис" компаниясының бұл нысанына Баспана құрылысын кепілдендіру қоры жауапты. Бұл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының бір тарауы. Сондықтан барлығыңызды қатысуға шақырамыз", - дейді банк басшысы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети