Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағам айырмасы бойынша өтемақы төлей бастайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© egemen.kz © egemen.kz

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2016 жылдың 25 маусымында өтемақының алғашқы траншын төлей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2016 жылдың 25 маусымында өтемақының алғашқы траншын төлей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25 маусымда салымшылардың шотына 23.6 миллиард теңге көлемінде бағам айырмасының алғашқы траншы беріледі. Оның 8,6 миллиард теңгесі банктің жеке қаражатынан бөлінбек.

"Өтемақы, бірінші кезекте, 2016 жылдың 31 мамырына дейін банкпен қосымша келісімге қол қойып үлгерген салымшыларға төленеді. 221 705 салымшы 122,9 миллиард теңгені құрайтын депозиттің жалпы сомасынан өтемақы алады", - деп мәлімдеді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметінің өкілдері.

ҚТҚЖБ 1 маусымда өтемақы алуға қосымша келісім жасау мерзімі бір айға ұзарғанын хабарлаған еді. Қазіргі таңда өтемақы төлеуге жататын 452 167 салымның 140 464 шартына әлі де қол қойылмаған. Олардың басым бөлігі шоттарында 1 миллион теңгеден аз сома жатқан клиенттер. Банктің баспасөз қызметі қосымша келісімге қол қоюға соңғы 8 күн қалғанын ескертіп отыр. Үлгермеген жағдайда ол салымшылар өтемақыдан қағылады.

Өтемақының алғашқы траншының қалған 9,3 миллиард теңгесі биылғы 1 тамызға дейін беріледі. Ол қаражатты уақытында қосымша келісім жасап үлгермей, ұзартылған уақытта келісім жасасқан салымшылар алады.

Банк салымшыларына бағам айырмасының екінші траншы толық көлемде 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін төленеді. Жалпы алғанда, өтемақы көлемі 35,5 пайызды құрайды. Салымшыларға 2016 жылы 19,2 пайыз немесе  32,9 миллиард теңге, ал 2017 жылы 16,3 пайыз өтемақы төленеді. Ол 28 миллиард теңгені құрайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro