02 мамыр 2017 | 10:50

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына 20 миллиард теңгеден аса өтемақы төленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Бәйтерек Холдингінің еншілес ұйымы) өз салымшыларына көлемі 20,1 миллиард теңге болатын өтемақының екінші жартысын мерзімінен бұрын төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (Бәйтерек Холдингінің еншілес ұйымы) өз салымшыларына көлемі 20,1 миллиард теңге болатын өтемақының екінші жартысын мерзімінен бұрын төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өтемақының екінші траншы 2015 жылдың 18 тамызы күні клиент депозитінде жатқан соманың 15,8 пайызы. Бұл қаражаттың жалпы саны 284221 депозитке аударылғаны айтылады.

"Өтемақының екінші жартысын төлеуге бағытталған 20,1 миллиард теңгенің 9 млрд. теңгеге жуығы банктің өз қаржысы болып табылады. Осы орайда, біздің соңғы 5 жылда тапқан барлық табысымызды өтемақыға жұмсағанымызды айта кету керек. Себебі, біз үшін азаматтардың өз салымдарын сақтап қалып, армандаған баспаналарына қол жеткізуі өте маңызды", - деп атап өтті "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың 18 тамызында ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшыраған еді. Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын сақтап қалу мақсатында Үкіметке арнайы механизм әзірлеу бойынша тапсырма берді. Тапсырма берілген уақытта бағам айырмасы 30-35 пайыз болып тұрды. Осыған орай, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы Холдингі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп, салымшыларға өтемақы төлеу механизмін ұсынған болатын. Нәтижесінде, өтемақы көлемі 35,5 пайыз болып бекітілді.

2016 жылы банк 29,3 миллиард теңге болатын өтемақының алғашқы траншын төледі. Оның 18,8 миллиард теңгесі мемлекеттік бюджеттен, 10,4 миллиард теңгесі банктің өз қаржысынан бөлінген болатын. 19,7 пайызы болатын алғашқы транш 316760 салымшыға төленді. (2016 жылдың 1 тамызына дейін 19,2 пайыз төленді, 2016 жылдың соңына дейін 0,5 пайыз қосымша төленді).

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети