Ұлттық банк 33 миллион долларға интервенция жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк 33 миллион долларға интервенция жасады Фото ©REUTERS

Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық банкі 33 миллион долларға валюталық интервенция жасады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Молдабекова қазіргі жағдайға байланысты ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақты сақтау үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізіп жатқанын айтты.

"Қазіргі уақытта олардың көлемі 33 миллион доллар, жалпы сауда көлемі 155 миллион доллар, бұл барлық сауда-саттықтың шамамен 20 пайызы", - деді ол.

Төрағаның орынбасары Ұлттық банк қаржы нарығындағы жағдайды, Украинаға қатысты жағдайды мұқият қадағалап отырғанын атап өтті.

"Нарықтың одан ары серпіні көбіне санкциялардың сипаты мен тереңдігіне және олардың Ресей экономикасына әсеріне байланысты", - деп қосты ол.

Еске салайық, қазір елорданың бірқатар ақша айырбастау орындарында доллар 440 теңгеден, Алматыда 441 теңгеден сатылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети