Ұлттық банк "Астана Банкі" АҚ-тың лицензиясын тоқтатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Астана Банкі" АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Астана Банкі" АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы № 89 қаулысымен 2018 жылғы 29 мамырдан бастап қоса алғанда 2018 жылғы 29 тамызға дейін "Астана Банкі" АҚ-тың (бұдан әрі - Банк) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады", - делінген хабарламада.

Бұл шешімді Ұлттық банктің банктік заңнама талаптарының бұзушылығына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы үшін қабылдағаны айтылады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

"2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 53,0 миллиард теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,6 пайызын құрайды", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro