Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жекеменшік банктерді бақылау үшін Ұлттық банктің өкілеттігін заңнама түрінде кеңейту керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жекеменшік банктерді бақылау үшін Ұлттық банктің өкілеттігін заңнама түрінде кеңейту керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлттық банктің қаржы реттеуші ретінде бақылаушы болып жұмыс істеу керектігін уақыт көрсетті. Сәйкесінше, оған банктерге бақылауға көбірек мүмкіндік беру керек. Сіздердің естеріңізде болса, мен бұрын жыл сайын қаржы қызметкерлерімен конгресс өткізетінбіз. Сол кезде бізге батыстан қалаған ақша келіп жататын. Сонда маған барлығы ақшаны ала беру керектігін айтқан еді, бірақ ешкім де ол ақшаны кейін қалай қайтаратынымызды ойламады да",- деді Назарбаев.
Президенттің айтуынша, мемлекет осы проблемаларды шешуге көп қаражат жұмсады.
"Неліктен былай болды? Себебі Ұлттық банк әрбір қадамды бақылаған жоқ. Олар ақша бөліп жатқанда бақылаушы органдар мен Ұлттық банк қайда болды? Бүгінде Ұлттық банкте әрбір банкті қатаң бақылай алатындай құқық жоқ", - деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы депуттатардан осы мәселені мұқият қарастыруды сұрады. Назарбаевтың айтуынша, бұл жекеменшік банктерде тұрақсыздықтың болмауы үшін және кейін мемлекеттің солардың қарыздарын өтемеуі үшін қажет.