09 қыркүйек 2019 15:30

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық банк мәліметінше, нақты инфляция күтілген деңгейден жоғары болып қалыптасып отыр және тамыз айының қорытындылары бойынша 5,5 пайызға жетті. Тұтынушылық сұраныстың кеңеюінен туындаған проинфляциялық қысым алдыңғы болжаммен салыстырғанда ұлғайды, бұл инфляцияны 2019 жылдың соңына қарай 5,7 пайыз5,8 пайыз деңгейіндегі нысаналы дәліздің жоғарғы шегіне итермелейді.

Орташа мерзімді болжамды болашақта 2020 жылы инфляция аздап баяулай отырып, нысаналы 4-6 пайыз дәліздің ішінде болады деп күтіледі. 2019 жылғы 7 айда экономиканың өсуі Ұлттық Банктің болжамынан жоғары 4,2 пайыз деңгейінде қалыптасты, бұл экономикада проинфляциялық қысымды туындатады.

"Ұлттық Банк инфляция бойынша мәлімделген бағдарға жету мақсатында базалық мөлшерлеме жөніндегі бұдан кейінгі шешімдерді нысаналы дәлізге қатысты қалыптасып отырған және болжанып отырған инфляция серпінінің сәйкес келуін, ішкі сұраныс тарапынан тәуекелдердің іске асырылуын, импорт өсімі мен әлемдік экономикадағы жағдайды есепке ала отырып қабылдайтын болады", - делінген хабарламада. 

2019 жылғы тамызда жылдық инфляция 5,5 пайыздық деңгейде қалыптасты. Инфляцияға негізгі үлесті азық-түлік тауарлары қосуын жалғастыруда, оларға бағалардың жылдық өсуі 9 пайызды құрады (2018 жылғы желтоқсанда 5,1 пайыз). Сыртқы сұраныстың артуы және ішкі ұсыныстың төмендеуі аясында ет, нан-тоқаш өнімдері мен жарманың бағасы өсті. Бұл топтар бойынша жылдық өсу тиісінше 12,8 пайыз және 12,6 пайыз болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети