Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қазіргі уақытта Қазақстанда болашақтың төлем жүйесі жасалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қазіргі уақытта Қазақстанда болашақтың төлем жүйесі жасалып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізде әлемдік ірі жүйелер жұмыс істейді. (...) Қазір барлық елде технология, инновация, қаржы саласында бәсеке басталды. Сондықтан Ұлттық банк 3.0 болашақтың төлем жүйесі жасау бойынша белсенді түрде жұмыс жасап жатыр", - деді ол Астанада жаңа төлем картасының таныстырылымы болып жатқан баспасөз мәслихаты кезінде. Айта кетейік, жаңа картаны Ұлттық банк UnionPay International халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп шығарды.
"Біз әлемнің алдыңғы қатарлы төлем жүйелеріне сай келетін төлем жүйесін жасағымыз келеді", - деді ол.
Осыған дейін Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда төлем жүйесі мобильді телефондар базасында дамуы керектігін айтқан болатын. "Қазіргі уақытта өзіміздің төлем жүйемізді жасау қажет пе, жоқ па деген мәселеге байланысты пікірталас болып жатыр. (...) Біз үйреніп қалған кредиттік карталар 10 жылдан кейін өткен күннің қалдығы болады. Алға қарай жылжу ұялы телефондарға ауысады. Таяу болашақта дамыған елдерде ұялы телефондар жалғыз төлем құралы болады. Меніңше, Қазақстандағы Интернеттің дамуы жоғарғы деңгейде болуымен, елде телефондардың көптігімен біздің осындай ұсынысымыз болады", - деді ол.