29 желтоқсан 2016 | 15:48

Ұлттық банк Delta Bank лицензиясының қолданылуын жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкі "Delta Bank" АҚ жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу бөлігінде банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын жаңарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

"2016 жылғы 29 желтоқсанда "Delta Bank" акционерлік қоғамына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу бөлігінде банктік және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын жаңарту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының № 318 қаулысы (бұдан әрі - Қаулы) қабылданды. Бұл қаулымен 2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап "Delta Bank" АҚ-қа (бұдан әрі - Банк) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банк шоттарын ашуды қайта жүзеге асыруға рұқсат берілді", - деп хабарлады Ұлттық банк өкілдері.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 23-тармағының 31) тармақшасы негізінде, Банктің активтердің сапасын жақсартуға, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жетілдіруге бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізуі туралы өтінішін және растайтын құжаттарын қарау қорытындылары бойынша, сондай-ақ Банк акционерлерінің Банктің өтімділігін қолдау және қосымша капиталдандыру бойынша өздеріне қабылдаған міндеттемелерін ескере отырып, қабылданды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети