"DeltaBank" АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтата тұру туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"DeltaBank" АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтата тұру туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 19 маусымдағы №103 қаулысымен 2017 жылғы 21 маусымнан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 3 тамызға дейін "DeltaBank" АҚ-тың (әрі қарай - Банк) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады, - делінген хабарламада.
Бұл шешімді Ұлттық Банк Банктің банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады.
Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.
2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша "DeltaBank" АҚ жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 0,3 миллиард теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 87,9 миллиард теңгені құрайды. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,5 пайызын құрайды.