29 мамыр 2018 | 17:34

Ұлттық банк "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-тың лицензиясын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 мамырдағы №91қаулысымен 2018 жылғы 29 мамырдан бастап "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензиясының қолданылуы қоса алғанда 2018 жылғы 29 тамызға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Ведомство мәліметінше, бұл шешімді Ұлттық Банк "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының г) және з) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша пруденциялық нормативтер мен нормативтік құқықтық актілерді жүйелі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп рет) бұзғаны үшін Банктің банк заңнамасының талаптарын жекелеген бұзушылықтарға қадағалап ден қою шеңберінде қабылдады.

"Лицензия жеке тұлғалардың жаңа депозиттерін тартуға және жаңа банк шоттарын ашуға тоқтатыла тұрды және Банктің қолданыстағы депозиттеріне және клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысты емес.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банктің жеке тұлғалардың қабылданған депозиттерінің көлемі 267 миллион теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғаларының депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесінің жеке тұлғалары депозиттерінің жиынтық көлемінен 0,003 пайызды құрайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұлттық банк өкілдері "Астана Банкі" АҚ-тың лицензиясын тоқтатқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети