Ұлттық банк Халық банкінің Qazkom акциялар пакетін сатып алуы бойынша әлеуетті мәмілесін түсіндірді

13 Наурыз 2017, 10:12
0
Ұлттық банк Халық банкінің Qazkom акциялар пакетін сатып алуы бойынша әлеуетті мәмілесін түсіндірді - © ic24.kz
© ic24.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков "Қазақстан Халық банкі" АҚ-тың "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуы бойынша әлеуетті мәмілесіне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші кезекте Смоляков "заңнаманың талаптарына сәйкес әлеуетті мәмілені іске асыру банктердің депозиторларының, кредиторларының, өзге де клиенттерінің және қарсы агенттерінің халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, шарттар бойынша құқықтар мен заңды мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады" деп атап өтті.

"Халық банкінің "Казкоммерцбанк" АҚ-тың акцияларын сатып алу бойынша әлеуетті мәмілені іске асыру үшін Ұлттық Банктің және Халық банкінің тарапынан "Казкоммерцбанк" АҚ активтерінің сапасына бірлескен тәуелсіз тексеру жүргізу қажет. Әлеуетті мәміленің сандық өлшемдері алынған ақпаратты жария ашу арқылы тәуелсіз тексеру нәтижелерін алғаннан кейін айқындалатын болады", - деді Смоляков және "Казкоммерцбанк" АҚ-тың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін жеткілікті деңгейге дейін "Казкоммерцбанк" АҚ-ты қосымша капиталдандыру Халық банкінің "Казкоммерцбанк" АҚ-тың капиталына ықтимал кіруіне базалық талап болып табылатынын" атап өтті.

Смоляков "Казкоммерцбанк" АҚ-тың кредиттік портфелінің айтарлықтай үлесі (50 пайыздан астам) "БТА Банк" АҚ-тың міндеттемелерін білдіретініне баса назар аударды. Бұл ретте "БТА Банктің" активтері құнды қалпына келтірудің ұзақ аралығына ие активтерге жатады. Соның салдарынан, оларды "Казкоммерцбанк" АҚ-тың ұстап тұруы үшін қаржы ағындарының жеткілікті деңгейін қалыптастырмайды. Сондықтан "Казкоммерцбанк" АҚ-тың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін, Смоляковтың айтуынша, бірінші кезеңде БТА Банктің активтерін "Казкоммерцбанк" АҚ-тан оқшаулау қажет. Бұл кезеңде "Проблемалық кредиттер қоры" оператор болып табылады. Одан әрі бұл активтерді мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларының, оның ішінде өңірлік даму бағдарламаларының шеңберінде экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ету қажет.

Осыған дейін Ұлттық Банктің ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ (ККБ) және оның ірі акционерлері, "Қазақстан Халық банкі" АҚ (Халық банкі) және "БТА Банк" АҚ (БТА Банк) арасындағы "Казкоммерцбанк" АҚ акциялар пакетін сатып алу бойынша әлеуетті мәміле туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғандығы туралы хабарлағанын еске саламыз.

"Казкоммерцбанк" АҚ ауқымды филиал желісі, заңды және жеке тұлғалардың үлкен клиенттік базасы, айтарлықтай депозиттік базасы және төлем және банкаралық нарықтарда едәуір үлесі бар Қазақстан Республикасының аса ірі жүйе құраушы банкі болып табылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай