Ұлттық банк инфляция деңгейіне болжам жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Ұлттық банк инфляция деңгейіне болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк инфляция деңгейіне болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, банк жылына 4 рет болжамдық раунд жүргізеді. Оның барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, бірінші кезекте инфляцияның ортамерзімді кезеңдегі (алдағы 7 тоқсандағы) болжамы жүзеге асырылады.

Айтуларынша, алынған болжамдар мен бағалар негізінде Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты бойынша, оның ішінде базалық мөлшерлеме деңгейі бойынша шешімдер қабылдайды.

Ұлттық Банк кезекті болжамдық раундты 2018 жылдың 30 қарашасында аяқтаған. Болжам кезеңі 2018 жылғы 4-тоқсан - 2020 жылғы 2-тоқсан аралығын қамтиды. ҚР Ұлттық Банкі бүкіл болжам кезеңінде базалық сценарий ретінде мұнай бағасының бір баррель үшін 60 АҚШ доллары болатын сценарийді қарастырған.

Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жылдық инфляция 2019 жылы 4-6 пайыз аралығындағы жаңа нысаналы дәлізге оның жоғарғы шегінде бола отырып, біртіндеп кіре бастайды (1-график ).

Алдыңғы "2018 жылғы тамыз-қыркүйек" болжамдық раундпен салыстырғанда инфляцияның траекториясы аздап төмендеу жағына қарай түзетілді, бұл 2019 жылы монополистер көрсететін қызметтер бағасының күтіліп отырған төмендеуіне байланысты. 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің бағалауы бойынша жылдық инфляцияның біртіндеп бәсеңдеуі жалғасады. (...), - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Экономикалық өсу қарқыны, бағалауға сәйкес, 2019 жылы 2,7 пайыз (өткен болжамдық раундта 2,6 пайыз), 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта  2,7 пайыз болады. Экономикалық өсу бойынша алғышарттар өзгерген жоқ. Экономиканың негізгі өсу драйвері ішкі тұтынушылық сұраныстың өсуін білдіреді. Инвестициялық белсенділіктің оң серпіні, бірінші кезекте, тау-кен өндіру саласында және тұрғын үй құрылысында сақталады. Тауарлар және қызмет көрсету экспортының ұлғаюы Қашаған кен орнындағы мұнай және газ конденсатын өндірудің одан әрі өсуіне байланысты болады.

"Ұлттық Банктің жаңартылған бағалаулары бойынша Қазақстандағы шығарылымның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада үзілуі проинфляциялық тұрғыдан әсер ете отырып, оң болады. Болжамдық кезеңнің соңында оң үзіліс әлсіз оң аймақта қала отырып, біртіндеп қысқара бастайды.

Бір баррель үшін  40 АҚШ доллары сценарийі іске асырылған жағдайда жылдық инфляцияның 2019-2020 жылдары нысаналы дәліздің жоғарғы шегінен асатын   айтарлықтай тәуекел бар, ол ақша-кредит талаптарына түзетулер енгізуді талап етеді", - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro