01 шілде 2022 | 11:15

Ұлттық банк маусымда валюталық интервенция жүргізген жоқ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк өкілдері маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк өкілдері маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маусымның қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3 пайызға әлсіреген. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 115 миллион АҚШ долларынан 96,4 миллион АҚШ долларына дейін төмендеген. 

"Энергия тасымалдаушылардың қолайлы бағасына қарамастан, ұлттық валюта бағамы шектеулі валюта ұсынысы мен валютаға деген сұраныстың бір уақытта өсуі аясында әлсіреді. Валюта ұсынысының төмендеуі – экспорттаушылардың салық төлеу үшін валюта сатуды қысқартуына, ал сұраныстың өсуі дивиденд төлеудің басталуына байланысты болды", - делінген хабарламада.  

Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, ол шамамен 480,4 миллион АҚШ доллары болған.

"Маусымда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта 438,3 миллион АҚШ долларына сатылды", - делінген ҰБ хабарламасында.  

Бұл ретте Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 20,7 пайызы болған.

"Маусым бойы ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ", - делінген хабарламада.  

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети