Ұлттық банк ресейлік банктердің еншілес ұйымдарына көмек көрсетеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк ресейлік банктердің еншілес ұйымдарына көмек көрсетеді Фото: elements.envato.com

Ұлттық банк санкцияға ұшыраған ресейлік банктердің еншілес ұйымдарына көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк санкцияға ұшыраған ресейлік банктердің еншілес ұйымдарына көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстандағы Ресей банктері мен олардың еншілес ұйымдарына қатысты санкциялардың кеңеюі осы банктер жұмысына, атап айтқанда, доллар, евромен аударымдарға және карточкалық операцияларға әсер етті. Өйткені Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері карталар бойынша операцияларды шектеді.

Ұлттық банк банк клиенттеріне қызмет көрсетуді қолдауға бағытталған көмек көрсетеді. Ресейлік банктердің еншілес банктеріне қолма-қол теңге тұрақты режимде шектеусіз беріледі", - деді Пірматов Үкімет отырысында.

Ол осы банктерге қатысты енгізілген санкциялар мен шектеулер қазақстандық банктердің қызметіне әсер етпейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети