Ұлттық банк ипотека мәселелерін шешуге 130 миллиард теңге бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк ипотека мәселелерін шешуге 130 миллиард теңге бөледі ©gor.kz

Қазақстанда ипотекалық несиелеу саласындағы мәселелерді шешуге 130 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қаржыны бөлуге Қазақстан Үкіметі мен басқарушы банк бірлесіп шешім қабылдады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ипотекалық несиелеу саласындағы мәселелерді шешуге 130 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қаржыны бөлуге Қазақстан Үкіметі мен басқарушы банк бірлесіп шешім қабылдады.

"Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша берген тапсырмасын іске асыру шеңберінде Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі бірлесіп ипотекалық несиелеу саласында қалыптасқан мәселелерді шешу үшін 130 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бірақ бөлінген қаражат проблемалық қарыз алушылардың борыштарын есептен шығаруды болжамайды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шешімді дайындауға "Нұр Отан" партиясы мен Алматы қаласының әкімдігі де белсене қатысқан. Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев "Ипотекалық несиелер мұрасынан арылу және расында да осыған мұқтаж адамдардың ипотекалық несиелері бойынша борыштарын қайта құрылымдау мәселесін шешу қажет", - деген болатын.

Айта кетейік, Ұлттық банктің хабарлауынша, бөлінетін қаржы ипотекалық несилерге қызмет көрсету талаптарын жеңілдетуге бағытталатын болады. Мәселені шешудің тетіктерін әзірлеуді, оның негізгі критерийлерін айқындауды Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ-мен, банктермен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жүзеге асырады. Борыштық жүктемені жеңілдетудің тетіктерін әзірлеу мәселесі 19 ақпан күні Алматыда алғаш рет талқыланады.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети