Ұлттық Банк ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсету жұмысын жалғастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық Банк ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсету жұмысын жалғастырып жатыр

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмаларына және бастамаларына сәйкес Ұлттық Банк Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмаларына және бастамаларына сәйкес Ұлттық Банк Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама екі блоктан тұрады.

Бірінші блок 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыздар алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Қазақстан Ұлттық Банкі көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 миллиард теңге бөлді. 2019 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде револьверлік тетікті ескере отырып 168, 2 миллиард теңге сомаға 27 229 қарыз мақұлданды, 152,8 миллиард теңге сомаға 25 832 қарыз қайта қаржыландырылды. 

Бағдарламаның екінші блогы жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. 2019 жылғы 10 қыркүйекте банктер 72,9 миллиард теңге сомаға 8 313 өтінімді мақұлдады, 58,8 миллиард теңге сомаға 6 906 қарыз қайта қаржыландырылды.

Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш жасау қажет. Өңірлерге және банктерге қатысты ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру туралы толығырақ ақпаратпен, сондай-ақ өңірлерге және банктерге қатысты ақпаратпен "Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат" бөліміндегі сілтеме бойынша танысуға болады. Осы сілтеме бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің, екінші деңгейдегі банктердің аумақтық филиалдары халықпен Бағдарламаның талаптарын түсіндіру бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс деректері орналастырылды.

Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкінің және банктердің тиісті филиалдарына не олардың аумақтық қатыстылығына байланысты өтініш жасау қажет. Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банк сайтының "Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау" бөлімінде танысуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети