Ұлттық банкке 800 миллиард теңге қайтарылды - Шаяхметова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банкке 800 миллиард теңге қайтарылды - Шаяхметова

ҚР Ұлттық банкіне 800 миллиард теңгеден аса ақша қайтарылды. Бұл туралы "Қазақстан Халық банкі" АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық банкіне 800 миллиард теңгеден аса ақша қайтарылды. Бұл туралы "Қазақстан Халық банкі" АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"800 миллиард теңгеден аса ақшаны бірден қайтардық. Келесі күні-ақ Qazkom Ұлттық банкке ақшаны қайтарды. Келіссөз күрделі болды", - деді Үміт Шаяхметова.

Сондай-ақ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ төрайымы Qazkom банкінің қарызы орташа мерзімді және ұзақ мерзімді, сондай-ақ, бірнеше траншқа бөлінгенін айтып өтті.  "

Еске салайық, Bloomberg басылымы осыған дейін Qazkom банкі жедел түрде қарыз алғанын хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, банктің жағдайын қалыпқа келтіруге шамамен 1,5 триллион теңге қажет болуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, бұл қаражат Qazkom банкіне жаһандық қаржы дағдарысынан құтқарылу үшін керек болып отыр. Сондай-ақ, мұндай көлемдегі ірі қаражатты қарызға алу мәселесін Qazkom мен ҚР Ұлттық банкі өкілдерінің талқылап жатқаны айтылған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети