Үш айда "Самұрық-Қазына" қорының таза кірісі 343 миллиард теңге болды

22 Сәуір, 10:34
0
Үш айда "Самұрық-Қазына" қорының таза кірісі 343 миллиард теңге болды -

"Самұрық-Қазына" қорының таза кірісі 2019 жылдың бірінші тоқсанында 343 миллиард теңге болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап. 

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы таза кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,1 пайызға өсіп, 343 миллиард теңге болды. Бұл туралы Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен өткен қордың қоржындық компанияларының басшыларымен кездесуі барысында белгілі болды.

Осылайша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында сатудан түскен түсімдер мен таза кіріс 1 951 миллиард және 343 миллиард теңгені құрады, алғашқы үш айда жоспардың орындалуы сәйкесінше 95 пайызды және 188 пайыз болды. Операциялық пайда (NOPLAT) ағымдағы жылдың үш айында 240 миллиард теңге болды, бұл 28 миллиард теңгеге немесе жоспарланған межеден 13 пайызға артық.

Қаржы көрсеткіштерінің өсуіне әсер еткен негізгі факторлар: мұнай өнімдерін, газды, газ конденсатын сату көлемінің және жүк айналымының артуы, пошта қызметтерінің көбеюі, аффинаждалған алтын өндірудің айтарлықтай өсуі. Сонымен қатар, Қордың барлық ірі портфельдік компанияларында  тауар құны мен жалпы әкімшілік шығындар азайды.

Таза табыстың артуына сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" АҚ тобындағы қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардан түскен кіріс үлесінің ұлғаюы әсер етті.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың сәуірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының 2018-2028 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын бекітті. Мемлекет басшысы ұлттық әл-ауқат қоры үшін маңызды міндеттерді қойды, олардың бастысы - қоржындық компанияларды тиімді басқару және олардың көрсеткіштерін әлемдік баламаларымен теңестіру.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай