Халық банк Ұлттық банктен "биязы, әділ болуды және түсінікті сөйлеуді" сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халық банк Ұлттық банктен "биязы, әділ болуды және түсінікті сөйлеуді" сұрады © Ярослав Радловский

Қазақстан Халық банкі  ҚР Ұлттық банкінен KASE келісімдері жөнінде есеп-қисапты кәсіби және тұжырымды етуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Халық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаржылай реттеуші ұсынған есеп-қисап, "толық емес, жаңылыстырады және нарық қатысушылары тарапынан қате түсіндірмеге тап болдырады", деп есептейді банктегілер.

"ҚР Ұлттық банкі мұндай есеп-қисапты валюта нарығының қатысушылары мен Қазақстанның қатардағы азаматтарына бұрмаланбаған ақпарат беру үшін кәсіби және тұжырымды етіп беруді сұрайды, әсіресе тұрақсыз нарық жағдайы мен ұлттық валютамыз теңгенің жоғары құбылмалылығы кезінде", - делінген қаржы ұйымы таратқан хабарламада. 

"Баршаға аян, орталық банктердің мәлімдемелеріне көңіл көп бөлінеді, олардың әрбір фразасы нарыққа зор ықпал етеді, жоғары құбылмалылыққа ұрындырып, ұлттық валютаға деген сенімдіздік тудыра алады. Биязы, әділ болып, кез келген ақпаратты таратқанда анық көрсетіп беру керек", - деп Ұлттық банктің талаптарын Халық банк өзіне қойды. 

Айта кетейік, Халық банктің наразылығы 16 қыркүйектегі Ұлттық банк жариялаған келісімдер жөніндегі ақпараттан кейін туындады. Ол мәліметтерде доллардың бағамы 285,77 теңге болғанда саудаға қатысқандардың арасында Халық банк болған - 58 миллион доллар. Толығырақ мына жерден оқуға болады.

Бүгін Халық банктегілер бұл көрсеткіш Қазақстан Қор биржасыдағы барлық сату мен сатып алудан түскен қаржы екенін түсіндірді. Осылайша қаржы ұйымы Ұлттық банктен мәліметті дұрыс жариялауды сұрап отыр. Халық банктің Ұлттық банкке жазған сұрау хатын мына жерден оқуға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети