"Яндекс" Назарбаевтың криптовалюта енгізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ресейдің "Яндекс.Деньги" компаниясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде бірыңғай криптовалюта енгізу туралы идеясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің "Яндекс.Деньги" компаниясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде бірыңғай криптовалюта енгізу туралы идеясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Нарық мультивалюталық әлемнің моделін қабылдады. Технология дамығаннан бері және электрондық ақша аударымдары пайда болғаннан бастап валютаны бір сәтте-ақ айырбастауға болады. Сондықтан халықта ел ішінде және шетелде ақша аударымдарын жасаған кезде ешқандай қиындық туындамайды", - деді РИА Новости басылымына компания өкілдері.

"Криптовалюта жайлы айтатын болсақ, бұл идеяны енгізу үшін құқықтық жағдай мен оны реттеу мәселесінің қаралуы маңызды. Қандай жағдай болсын, әлемді жаңа модельге мәжбүрлеп көшіру мүмкін емес. Себебі біздің ойыншыларда (банктер, төлем жүйелері, трансұлттық компаниялар) ондай қажеттілік болып тұрған жоқ", - деді компаниядағылар.

Еске сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаев әлемде бірыңғай криптовалюта енгізуді ұсынған болатын. "Әлемдік қаржы құрылымын өзгерту қажеттілігі туып отыр. Халықаралық есеп-айырысудың төлем бірлігін енгізу мәселесін қарастыратын кез келді. Криптовалюта әлемді инфляциядан және сауда қатынастарындағы қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Валюта қарапайым, ашық әрі тұтынушыларға бағынышты болуы керек. Цифрландыру, технологиялардың дамуын ескеретін болсақ, мұндай бірлік криптовалюта түрінде енгізілуі керек", - деген еді Назарбаев Астанада өтіп жатқан экономикалық форумның пленарлық отырысында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro