12 жастағы қазақстандық Bala Turkvizyon конкурсының "Алтын дауыс" титулын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 жастағы қазақстандық Bala Turkvizyon конкурсының "Алтын дауыс" титулын жеңіп алды Суретті ұйымдастырушылар жолдады.

Қарағанды облысының тумасы, 12 жастағы Тұрсынхан Еркін Ыстамбұлда балалардың Bala Turkvizyon халықаралық ән конкурсында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының тумасы, 12 жастағы Тұрсынхан Еркін Ыстамбұлда балалардың Bala Turkvizyon халықаралық ән конкурсында екінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Bala Turkvizyon-Қазақстан ұйымдастырушыларының хабары бойынша, Bala Turkvizyon финалистерінің арасында Тұрсынхан "Түркі әлемінің алтын даусы" арнайы атағын алды. "Ересектер арасындағы Turkvizyon байқауының гранд-финалын тұңғыш рет ол "Самға" деген әнмен ашады және үш мың адамдық залда диплом алады. Қазақстанда Әлия Назарбаеваның "Жандану әлемі" қоры 8 маусым мен 20 қыркүйек аралығында елдің барлық өңірінде ұйымдастырған конкурсының ұлттық іріктеуі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің шешімімен 22 ел арасында үздік деп танылды", - деді ұйымдастырушылар.   


Тұрсынхан Еркін. Суретті ұйымдастырушылар жолдады. 

Bala Turkvizyon-Қазақстан ұйымдастырушылары "Жандану әлемі" қорының Тұрсынхан Еркінге арнайы жазылған жаңа әндер кіретін музыкалық дискіні басып шығаруға бас серіктес болатынын да айтып отыр. 


Суретті ұйымдастырушылар жолдады.

Еске салайық, Тұрсынхан - Қарағанды облыстық өңірлік кастингінің жеңімпазы. Оның тәлімгері әрі продюсері әнші Нұржан Керменбаев. Bala Turkvizyon-Қазақстан финалына "Самға" атты ән жазылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети