EMA-2015 жүлдесінде Батырхан Шүкенов атындағы аталым тағайындалады

17 Маусым 2015, 16:48
0
EMA-2015 жүлдесінде Батырхан Шүкенов атындағы аталым тағайындалады -

Қазақстанда жыл сайын өтіп отыратын Eurasian Music Awards (EMA-2015) жүлдесінде Батырхан Шүкенов атындағы арнайы аталым тағайындалады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Таң" медиатобы директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов хабарлады.

"Бұл қайғылы оқиға бәрімізді есеңгіретіп тастады. Батырхан Шүкеновтей тұлға енді ешқашан болмайды. Оның символы, оның дарыны бізбен бірге мүмкіндігінше көп өмір сүрсе екен дейміз. Ол бәріміз үшін үлгі болуы керек (...). Жүлде әртістерге жыл сайын беріліп отырады, біз бұл мәселені дамыта түсеміз. Шешімді сарапшылардан құралған қазылар қабылдайды", - деді Байтасов.

Айта кетейік, 2013 жылы ІІ Еуразиялық музыка жүлдесінің "Еуразияның үздік әртісі" аталымы Батырхан Шүкеновке бұйырған болатын. 

Танымал музыка саласындағы музыкалық жүлде биыл қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Сол уақытта түрлі аталым бойынша жеңімпаздар анықталады: "Үздік орындаушы", "Үздік топ", "Үздік ән/бейнебаян" және тағы да басқа. EMA-2014 интернет-дауыс беру мамырда басталған, оның қорытындысы бойынша әр аталым бойынша алты финалист суырылып шығады.  

Жеңімпазды 15-20 адамнан тұратын құзырлы қазылар алқасы таңдайды. 10 негізі аталыммен қатар, ұйымдастырушылар қатысушыларға мүсіншелер сыйлайды.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай