EXPO-2017 аясында The Magic of Nomads тобының концерті өтеді

02 Тамыз 2017, 17:17
0
EXPO-2017 аясында The Magic of Nomads тобының концерті өтеді -

The Magic of Nomads тобы өзінің ең ғаламат музыкалық тәжірибесін ұсынады. 

Бұл топты сүйіп тыңдаушылар джаз, фолк, соул, рок жанрлары сапырылысқан концертті тамашалай алады. Оның үстіне мұның барлығы қазақтың халық аспаптарында орындалатын болады. 

The Magic of Nomads ежелгі аспаптар үні мен заманауи мегаполис әуенін біріктіре алды. Сондықтан бұл топтың орындаған музыкасынан алатын әсер де ерекше болмақ. 

Топтың жаңа бағдарламасында музыка мен сандық технлогиялар ұштастырылған бірегей формат ұсынылады. Музыканың жаңа бағыты, өзгеше үні ешкімді бей-жай қалдырмайды. 

Мультимедиялық технология саласындағы әлемдік көшбасшы Simmetrico италияндық компаниясы бұл концертке визуалды контент даярлады. Концерт режиссері "Золотая маска" премиясының лауреаты Алексей Франдетти, ал музыкалық продюсері Ренат Гайсин. 

Бұл концертте The Magic of Nomads тобына Алматы әкімінің этрада-симфониялық оркестрі сүйемелдеу жасайды. 

Алдағы концертте әртістердің бабалар мұрасын қалай жаңғыртқаны байқалатын болады. "Ансамбль музыкасы - бұл қазақ халқының тарихын заманауи музыканттар түсінігі арқылы пайымдау. Бұл қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне деген бар сүйіспеншілікті көрсетуге болатын мүмкіндік", - дейді The Magic of Nomads авторы және жетекшісі Ғазиза Ғабдырахманова. 

Осы жаздың айтулы оқиғасынан құр қалмаңыздар.

Концерт: 4, 5, 6 тамызда, сағат 20.00-де (Астана EXPO, Холл Энергия сахнасында) өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай