I am a Singer байқауы: Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/asharimov © instagram.com/asharimov

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов I am a Singer конкурсының үшінші кезеңінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов I am a Singer конкурсының үшінші кезеңінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісінде әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов сүйіншілеп, хабарлады. Ал жалпы есепте әнші бірінші орында келеді. 

"Сүйінші, Достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!", - деп жазды әншінің өкілі.

Сонымен, 3-ші байқау күнінің қортындысы:

Майкл Вонг (46 жас. Малайзия) - 2-ші байқау күні бойынша жарыстан тыс қалды.
Тиа Рэй (32 жас. Қытай) - 8-орын. Жалпы есеп бойынша байқаудан тыс қалды.
Тереза Карпио (61 жас. Канада) - 7-орын. Жалпы есепте 7-орын.
Чжао Ли (31 жас. Қытай) ЖАҢА ӘНШІ - 2-орын. Жалпы есепте 6-орын.
Чжан Цзе (35 жас. Қытай) ЖАҢА ӘНШІ - 4-орын. Жалпы есепте 5-орын.
Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг) - 6-орын. Жалпы есепте 4-орын.
Тан Цзин (40 жас. Қытай) - 1-орын. Жалпы есепте 2-орын.
"Lion" тобы (Тайвань) - 5-орын. Жалпы есепте 3-орын.
Димаш Құдайберген (22 жас. Қазақстан) - 3-орын. Жалпы есепте: 1-орын.


© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Сондай-ақ, Шаримовтың айтуынша, келесі аптада 7 әнші өнер көрсетеді. Бір әнші байқаудан тыс қалыпты.

Кейінірек әншінің өзі қолдау білдірген тыңдармандарына алғыс айтты. "Аллаға шүкір! Келесі кезеңге жолдама алдым! Тыңдармандарым, қалың көрермен, жанкүйерлерім өнерімнен шабыт алса - мен үшін сол жеңіс!!! Жақсы көрем бәріңізді! Раxмет!", - деп жазды Димаш Құдайбергенов.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергенов 28 қаңтарда Қытайда өтіп жатқан I am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын. Әнші ресейлік атақты Витастың "Опера 2" атты туындысын орындаған еді. Видеоны мына жерден көруге болады.

Ал бірінші кезеңде ол француз тілінде SOS d'un terrien en détresse әнін орындап, жеңімпаз атанған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro