Imany "Муз-ТВ" жүлдесіне келмейтін болды

05 Маусым 2015, 14:03
4
© zort.ru
© zort.ru

Францияның әншісі Imany денсаулығына байланысты "Муз-ТВ-2015. Гравитация" жүлдесіне келмейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Imany Муз-ТВ жүлдесі хейдлайнерлерінің бірі болады деп мәлімделген болатын. "Қонақтардың барлығы келді, билеттердің барлығы сатылды. Бір сөзбен айтқанда, біз қонақтарды "Астана Арена" стадионы мен теледидар экранының алдында күтеміз. Біз сіздерді сапалы әлемдік деңгейдегі шоумен қуантатынымызға сенімдіміз және әрине, көптен күткен, осыған дейін жарияланған номинациялар бойынша "тәрелкелердің" кімге бұйыратынын білетін боламыз. (...) Біздің бірнеше жаңалығымыз бар - оның бірі Imany-ға байланысты", - деді ОКҚ өткен брифинг барысында Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров.

Брифинг барысында Imany-дың денсаулығына байланысты Астанаға келе алмайтыны туралы ролик көрсетілді. Әнші бейне жолдау жазыпты, ол көрермендерге жақсылап көңіл көтеруге тілектес екенін жеткізді.

Астанада 5 маусым күні өтетін "Муз-ТВ - 2015. Гравитация" жүлдесінің хейдлайнері Канададан келген музыкант Glenn Morrison болады.


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай