Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қазан сессиясының кезекті кезеңі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өскемендік "Субкультура", семейлік Flash Set және алматылық LampЫ Orchestra топтары өзара сайысқа түсті.

Сында алматылық музыканттар жеңіп шығып, іріктеу кезеңінің жартылай финалисі атанды. 24 қазанда LampЫ Orchestra ресейлік "Крематориймен" және қазан айындағы кезеңнің басқа да жеңімпаздарымен бір сахнада өнер көрсететін болады. Топ солисі Виталий Кимнің айтуынша, ұжым екі ай бұрын ғана құрылды. Осы азғана уақыттың ішінде топ 10 композиция әзірлеген.
Еске сала кетейік, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымының қазан айындағы сессиясының жартылай финалына бірінші болып, Paradox тобы өткен еді. Олар Faqtory және "Тұма" ұжымдарымен бақ сынасты.
Айта кетейік, "На вершине Тенгри" жобасының VI маусымы алдағы желтоқсан айында ауқымды концертпен қорытындыланады. Жоба жеңімпазы 2015 жылдың жазында Ресейде өтетін рок-фестивальге жолдама алады. Музыкалық фестивальде қазақстандық топ "На вершине Тенгри" жобасының атынан өнер көрсетеді. "На вершине Тенгри" - Қазақстандағы ең ірі рок-жобалардың бірі. Фестивальді Tengri FM ұлттық радиостанциясы шығармашыл жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырды.