08 сәуір 2015 16:06

Mezzo тобы 90-жылдардың хит әндерінен попурри орындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Vk.com @Vk.com

Mezzo тобы 90-жылдардың хит әндерінен попурри орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Mezzo тобы 90-жылдардың хит әндерінен попурри орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық топ 90-шы жылдардағы хит болған әндерді осындай жолмен жаңғыртуды жөн көріпті. Жеті минутқа созылған роликте "Мюзикола" дуэтінің "Девочка в платьице белом", "Овощи и фрукты" ұжымының "Перекресток", Рахат Тұрлыхановтың "Зимние ливни", "Нұрлан мен Мұраттың" "Лейла", "АБК" тобының "Тамшылар", Парвиз Назаровтың "Белые облака", Еркеш Шәкеевтің "Никому тебя я не отдам", "L дуэтінің" "Донная осень", Мұрат Насыровтың "Я - это ты", А-Studio тобының "Дождь льет" пен "Үркер" тобының "Наурыз" әндері бар.

Айта кетейік, Mezzo тобы "Бәрін еске ал" жобасына Қазақстанда заманауи танымал әндердің негізін салуға себеп болған әндерді кіргізген.

Mezzo тобы классикалық әрі танымал әндердің бірігуінен тұратын классикалық кроссовер стиліндегі әндерді орындайды. Топ 2012 жылы өткен X-Factor тележобасына қатысқаннан кейін құрылды. Топ осыған дейін 2014 жылғы танымал қазақ әндерінен жасалған попурриін ұсынған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети