Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

The Spirit оf Tengri 2014 фестивалінің DVD-нұсқасы таныстырылды

27 Қараша 2014, 17:02
0
"Намгар" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Намгар" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
©Айбек Сұлтанғазиев
©Айбек Сұлтанғазиев
"Намгар" тобының скрипкашысы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Намгар" тобының скрипкашысы. ©Айбек Сұлтанғазиев
Әнші Намгар. ©Айбек Сұлтанғазиев
Әнші Намгар. ©Айбек Сұлтанғазиев
©Айбек Сұлтанғазиев
©Айбек Сұлтанғазиев
"Арғымақ" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Арғымақ" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Арғымақ" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Арғымақ" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Арғымақ" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Арғымақ" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Арғымақ" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев
"Арғымақ" тобы. ©Айбек Сұлтанғазиев

Алматыда The Spirit оf Tengri 2014 фестивалінің арнайы қос дискілі DVD-нұсқасын жария етуге арналған концерт өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Tengri FM ұлттық радиостанциясының Kaspi bank-пен бірге ұйымдастырған концерт этникалық музыка тыңдармандарын сапалы дыбыспен, ең озық аппаратурамен жасалған жарық безендірулерімен ғана емес, музыканттардың осы оқиғаға арнайы дайындаған бірегей контентімен де қуантты. Almaty Тowers-тің үлкен залында қос танымал этно-рок тобы - "Намгар" (Бурятия) мен "Арғымақ" (Башқұртстан) өнер көрсетті. 

Топтар сахнаға шықпас бұрын кеш қонақтарына үлкен экраннан биыл жазда Алматыда өткен фестивальдің жарқын сәттері көрсетілді. The Spirit оf Tengri 2014 жобасының қос дискілі басылымы концерттің видеонұсқасы мен жобаға қатысушылардың үздік тректері жазылған CD-жинақтан тұрады. Атап айтқанда, "Алдаспан", "Роксонаки", "Шарапат" (Қазақстан), "Арғымақ" (Башқұртстан), Болот Байрышев пен "Белуха Jam" тобы (Алтай), Саинхо Намчылак (Тыва/Австрия), Gulzada (Қыргызстан), "Намгар" (Бурятия), Baba Zula (Турция), The Shin (Грузия), Yarik Ecuador (Эквадор) және Радик Тюлюш (Тыва) сияқты орындаушылар мен музыкалық ұжымдардың үздік нөмірлері бар. 

Концерт буряттың "Намгар" ұжымының өнерімен басталды. Топ солисінің терең сезімге толы дауысы мен композицияларының өзара үйлесімі алматылықтарды ерекше баурап алды - көрермен әр композициядан соң қол шапалақтап, қошемет көрсетіп тұрды. Ұжымның "есерсоқ" барабаншысы Алексей Баев ұрмалы аспаптарда жеке өнер көрсетіп, академиялық вокал мен баяу әуендерді экспрессия мен драйвқа ауыстырды. Оның барабанда теңдессіз ойнауын канадалық тыңдармандар жоғары бағалаған.

Бұдан соң сахнаға "Арғымақ" тобы көтерілді. "Башқұртша этно-роктың" арқа қоздырар сарындары залдағы көрерменнің көңілін көтерді. Кеш меймандарының ұсынылған өнерден ерекше қуат алғаны сонша, олар залдың ортасында өзара дөңгеленіп билей бастады. "Намгар" мен "Арғымақтың" музыкасы Ethnoworld жанрының қазақстандық табынушылары үшін жақсы таныс, сондықтан, музыканттардың айтуынша, оларға аудиториямен өзара түсінісу өте оңай болды. 

"Біз әрқашан Қазақстанға өз үйімізге келгендей келеміз. Бұл елге келгенде біз ата-бабалардың рухын сезінеміз: башқұрттар мен қазақтар әлімсақтан бір-біріне қонаққа барып тұрған, жаңалықтарымен бөліскен, ағайындардай өмір сүрген. Рэптің негізін қалаушылар - біздің ата-бабамыз, олар фристайлды жол-жөнекей оқыған. Қазіргі қоғамда талантты, шығармашыл адамдарды көру өте қуанышты. Адамдардың өз тамырын ұмытпағанын қалаймыз, The Spirit оf Tengri фестивалі Ethnoworld стиліндегі музыканы қазіргі әлемге мейлінше түсінікті тілмен жеткізеді. Бұл думанды ұйымдастырушылар - нағыз азаматтар", - деді "Арғымақ" тобының жетекшісі Ринат Рамазанов концерт басталар алдында. Айта кетейік, концертке Қазақстанға танымал адамдар көп келді, олардың қатарында музыкатанушы Нұрберген Махамбетов, әншілер Айқын, Нұрлан Албан, киносыншы Олег Борецкий, белгілі актриса Айсұлу Әзімбаева, режиссер Фархат Шәріпов, Өзбекстан әншісі Муниса Ризаева және басқалар болды. 

"Біз бүгін видеонұсқасын көпшілікке жария еткен фестиваль жеті сағатқа созылған болатын. Әрине, оның бәрін біз DVD-нұсқаға енгізе алмадық, оған әртістер мен ұжымдардың ең жарқын нөмірлері ғана іріктелді. Бастысы, біз олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігіне база назар аудардық, сонымен бірге, оларға ортақ қасиеттерді де таптық. The Spirit оf Tengri - өте көп шығармашылық формаға толы жоба. Оған сіздер жазда тамашалаған ауқымды концерт те, DVD-дан көретін нұсқа да, сол сияқты Радик Тюлюш қатысқан "Күз дауыстары" тәрізді думан да кіреді. Қазір жаңа думанды ұйымдастыруға кірістік, оны біз жуық арада көрерменге ұсынамыз. Әрине, сонымен бірге, 2015 жылғы фестивальге әзірленіп жатырмыз, ол бұрынғыдан да әрлі болады және екі күнге созылады", - деді жоба режиссері Сергей Майборода. 

Еске сала кетейік, Tengri FM қазақстандықтарға ауқымды да жарқын шоу-концерттерімен танымал болған еді. Олардың қатарында "На вершине Тенгри", "Қазақстанның тұңғыш рок-марапаты" концерттері және The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі аясындағы концерттер мен думандар бар. The Spirit of Tengri - қазіргі заманғы этникалық музыканың ең айтулы халықаралық фестивальдерінің бірі, әлемнің осы бағыттағы орындаушыларын Қазақстан жеріне тоғыстыратын мультимәдени жоба. Ол қазіргі ұрпақты ата-бабалардың рухани байлығын сақтау жолында біріктіруге бағытталған. Фестивальге қатысушылар - Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының тамырын бойлап жатқан музыка дәстүрлерін жаңа заманға жеткізушілер. The Spirit оf Tengri 2014 фестивалінің арнайы қос дискілі DVD-нұсқасы бүгіннен бастап, "Меломан" дүкендерінде саудаға шығарылды.  

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай