Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

The Spirit of Tengri 2015 қатысушылары жария болды

24 Сәуір 2015, 19:09
0
Trade Attack тобы (Эстонии)
Trade Attack тобы (Эстонии)
Тилла Торок және Hold Viola (Венгрии)
Тилла Торок және Hold Viola (Венгрии)
Hanngai (Қытай)
Hanngai (Қытай)

The Spirit of Tengri 2015 этно-музыка фестивалінде тоғыз елдің 12 тобы қатысады. Бұл туралы жобаның бас продюсері Жан Қастеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri FM. Шара бұл жолы екі күнге жалғасады - 6 және 7 маусымда Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда өтеді. Концертті Tengri FM ұлттық радиостанциясы Kaspi bank банкімен бірге ұйымдастырады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жылы The Spirit of Tengri фестивалінің қатысушыларының географиясы кеңейді. Сахнаға Эстониядан келген TRAD.ATTACK! тобы, қытайлық музыканттардан құрылған Hanggai тобы, Венгриядан Тилла Торок және Hold Viola сияқты жаңа топтар шығады. Мадиярлардың мотиві қазақ халқының мәдениетіне өте жақын. Әртістер мен орындалатын музыкалардың мұндай жарасымдылығы, The Spirit of Tenrgri жобасының бас продюсері Жан Қастеевтің айтуынша, алдағы фестивальдің нағыз жаңалығы.

"Мадиярлар Еуропаның орталығында тұратын жалғыз көшпенді халық, олар өздерін сақтап қала алды, өз мәдениеті мен музыкасын сақтап қалды. Енді біздің жерімізде, тіпті тұңғыш рет шығар, Тилла Торок пен Hold Viola орындайтын синтезделген этникалық музыканы тыңдаймыз", - деді Қастеев. 

Сонымен қатар, The Spirit of Tengri 2015 фестивалінің тағы бір жаңалығы - "Арқайым" қазақстандық тобы. Фестиваль қонақтары үшін қазақстандық этно-роктың аңызы, Satzhan Project фолк-джаз бандта өнер көрсететін Еділ Құссайыновтың өнер көрсетуі арнайы тосын сый болады. Мұнымен бірге, концерт алаңында көрерменнің көзайымына айналған орындаушылар: әнші, композитор, Туваның белгілі мультиинструменталисі, көмей әнінің шебері Радик Тюлюш, Башқұртстанның ұжымы "Арғымақ", түріктің тобы Baba Zula, грузин тобы The-Shin, Таулы Шориядан (Ресей федерациясы) Чылтыс Таннағашева, ал Қазақстанның атынан "Алдаспан" және "Шарапат" топтары шығады.

Қазақстандықтарға танылып үлгерген "Намгар" тобы The Spirit of Tengri этно-музыканың үшінші фестивалінде интернационал құрамымен өнер көрсетеді. Яғни, бурят дуэті Nordic норвегиялық ұжыммен бірге ән орындайды. Соңғы ұжым әлемге танылған этно-орындаушы Мари Бойне Персенмен бірге жұмыс істейді. 

"Бұл шын мәнінде танымал музыканттар, оларды бар әлем біледі. Енді олар біздің жерге келеді! Осы жайында әр айтқан сайын мен эмоциямды жасыра алмаймын. Сондықтан, концертке келетіндердің барлығы алдағы жылға нағыз рахат пен энергия алып қайтады. Дәл осылай болады!", - деді The Spirit of Tengri 2015 жобасының бас продюсері Жан Қастеев.

Айта кетейік, осы жылы The Spirit of Tengri шоуы екі күн бойы өтеді. Осылайша, музыканттар кеңейтілген бағдарламасын таныстыра алады, ал этникалық музыканы тыңдаушылар сүйікті музыканттарының өнерін ұзақ уақыт тамашалайды.

Еске сала кетейік, жыл сайын  өтетін The Spirit of Tengri open-air фестивалін Tengri FM радиостанциясы осымен үшінші рет ұйымдастырғалы отыр. The Spirit of Tengri - осы заманғы этникалық музыканың ең маңызды халықаралық фестивальдерінің бірі, әлемнің орындаушыларын қазақстандық жерде жинайтын мульти-мәдени жоба. Жоба қазіргі ұрпақтың ата-бабаларымыздың рухани байлығын сақтап қалуға деген күшін біріктіруге бағытталған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай