"Абай" мен "Шәкәрім" Карнеги-холл сахнасында орындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Марат Бисенғалиев. ©Ярослав Радловский Марат Бисенғалиев. ©Ярослав Радловский

Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфония оркестрі 12 қараша күні Нью-Йорктің Карнеги-холл концерт залында өнер көрсетті. Онда "Абай" мен "Шәкәрім" сюиталарының әлемдік премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оркестрдің PR-менеджері Юрий Якубаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфония оркестрі 12 қараша күні Нью-Йорктің Карнеги-холл концерт залында өнер көрсетті. Онда "Абай" мен "Шәкәрім" сюиталарының әлемдік премьерасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оркестрдің PR-менеджері Юрий Якубаға сілтеме жасап.

"Абай" және "Шәкәрім" шығармаларының авторы - ағылшын композиторы, Ағылшын империясы Жоғары мәртебелі орденінің командоры Карл Дженкинс. Маэстро туындыларды жазуға терең толғаныспен кіріскен, ол бұл үшін Қазақстанға арнайы келіп, көшпелілердің музыкалық әлемі мен қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеді. 12 қараша күні Карнеги-холда Дженкинс дирижерлік етті. Концертке "Қазына" хоры мен "Тұран" этнофольклор тобы да қатысты. "Концерт өте сәтті өтті. Залға адам лық толды. Соңғы шығармадан кейін көрермендер жарты сағат бойы қошемет көрсетіп, оркестрі сахнадан жібермеді. Музыканттар "биске" бірнеше шығарманы орындап беруге мәжбүр болды", - деді Якуба. 

Алматы симфония оркестрі Карнеги-холл сахнасында, 12 қараша, 2014 жыл. Фото ©Юрий Якуба

Бұған дейін Алматы симфония оркестрінің атқарушы директоры Райхан Ескендірова "қазақстандық оркестрдің орындауындағы "Абай" және "Шәкәрім" сюиталарының әлемдік премьерасы қазақ халқының мәдени мұрасын қазіргі заманғы музыка және орындау өнерінің тілімен жеткізетінін" айтқан еді. 

Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін Алматы симфония оркестрі 2012 жылдың қазан айында Орындаушылық өнердің І бүкіләлемдік конгресінде алғаш рет таныстырылды. Ұжым құрамында республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары бар. Алматы симфониялық оркестрі әлем бойынша танымал брендке және Қазақстанның мәдени астанасының беткеұстар көрсеткішіне айналды. Оркестр соңғы бірнеше жыл ішінде әйгілі Abbey Road және Angels Studio студияларында 10-нан астам күйтабақ жазды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.88  course up  542.94  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer