ABBA тобы 40 жылдық үзілістен кейін жаңа альбом шығарды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ABBA тобы 40 жылдық үзілістен кейін жаңа альбом шығарды Фото:facebook.com/ABBA

Аңызға айналған шведтік ABBA тобы 40 жыл өткен соң жаңа альбомын шығарды. Альбом Voyage деп аталады, стриминг қызметтерінде қол жетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аңызға айналған шведтік ABBA тобы 40 жыл өткен соң жаңа альбомын шығарды. Альбом Voyage деп аталады, стриминг қызметтерінде қол жетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Швед поп-тобының жаңа альбомына 10 композиция кірді, екеуі - I Still Have Faith in You және Don’t Shut Me Down, ол бұрын топтың Youtube арнасына жарияланған еді.

Топтың бұған дейінгі альбомы - Тhe Visitors 1981 жылы жарық көрді.

2022 жылдың көктемінде топ Лондондағы концертте жаңа шығарылымды ұсынады. Алайда Агнета, Бьорн, Бенни және Анни-Фридтің өздері сахнаға шықпайды, олардың орнына голограммалары шығады.

Голограммалар әртістердің өздеріне ұқсатып жасалған: олар бірнеше рет суретке түсіп, бас, дене бөліктері өлшенген. Алынған материалдың негізінде мамандар тобы "Авватарлар" деп аталатын сандық аватарларды жасаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ABBA (@abba)

Аңызға айналған шведтік АВВА тобы 1972 жылы құрылып, он жыл бойы өнер көрсеткен. Топтың Dancing Queen, Super Trouper және Mamma Mia хиттері бар.

Қатысушылар 1974 жылы "Евровидение" байқауында жеңіске жеткеннен кейін халықаралық деңгейде танылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети