28 тамыз 2014 | 18:15

Африкалық музыкант домбыраның құлағында ойнап жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мозес Зибо. ©Әлішер Ахметов Мозес Зибо. ©Әлішер Ахметов

Нигериялық музыкант Мозес Зибо домбыра тарту шеберлігімен қазақстандықтарды тәнті етіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол корпоративтік кештерде бес концерт беріп үлгерген, соның ішінде, бір рет Астанада жоғары лауазымды шенеуніктер алдында өнер көрсетті.


Иконка комментария блок соц сети

Нигериялық музыкант Мозес Зибо домбыра тарту шеберлігімен қазақстандықтарды тәнті етіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол корпоративтік кештерде бес концерт беріп үлгерген, соның ішінде, бір рет Астанада жоғары лауазымды шенеуніктер алдында өнер көрсетті.

Нигерияда Зибо бейнелеу өнерін кәсіп еткен. Соның арқасында әлемнің біраз елінде болып, жеке көрме өткізді. Қазақстанға әлеуметтік желідегі достарының бірінің шақыруымен келген. "Ол маған Қазақстан туралы әңгімеледі. Бұл - өте әдемі ел. Мұндағы адамдар да, қалалар да тамаша. Маған қазақтың мәдениеті мен тілі ұнайды", - дейді Мозес. Ол өзіне Мұсабек деген ат қойып алған.

"Мен Интернеттің көмегімен қазақ халқының салт-дәстүрлерін білдім. Домбыра мені өзіне баурап алды. Ерекше аспап екенін көріп, мен оны меңгеруді ұйғардым. Домбыра гитараға ұқсас, бірақ екі ішегі ғана бар. Домбырашылардың аспапта өте жылдам ойнайтынын видеодан көрдім, сол кезде дыбыс жақсы шығады екен", - дейді музыкант.

Ол домбыраны сәуірден шілдеге дейінгі үш ай ішінде үйренген. Мұсабек продюсерінің көмегімен бейнебаян түсіріп, оны Интернетке орналастырды. "Мен Еңсеповтің "Балалық шақ" композициясын, Құрманғазының "Адай" күйін орындай аламын. "Адайды" бір айдан астам уақытта меңгердім. Бір ай бойы "Атамекен" әнін де үйрендім. Адамдар қара нәсілді, афроамерикалық жігіт домбыраны, екі ішекті аспапты ә дегеннен үйреніп кетті деп таңғалып жатады. Мәселе аспапта емес, музыкаға деген сүйіспеншілікте. Егер сүйіспеншілік болса, онда сіз аспапты тез меңгересіз", - дейді Мұсабек.

Нигериялық азамат Қазақстанда өзінің шығармашылығын дамытуды көздейді. Ол қазақ тілін үйреніп, музыкадан білім алып жүр. "Келешекте домбыраны өзіммен бірге шетелге алып шығамын. Мен өзге халықтарға домбыраның бар кереметін көрсетемін", - дейді ол. Мұсабек Алматыда әйелімен және баласымен тұрып жатыр. Жары - қырғызстандық.

Еске сала кетейік, бұған дейін тағы бір нигериялықтың Алматыға қазақша ән арнағаны хабарланған болатын. Мұсабек рэпер Rich D туралы естігенімен оны танымайтын болып шықты. Айта кетейік, домбыра тартатын африкалық туралы видео әлеуметтік желілерде 24 тамыз күні пайда болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети