Ақтөбенің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа "Қала құрметі" медалі табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбенің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа "Қала құрметі" медалі табысталды

Бүгін Ақтөбенің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа "Қала құрметі" медалі табысталды. Оның ішінде "Қала құрметі" медалімен Димаштың алғашқы ұстазы Клара Қажғалиева және қалалық мәслихат депутаты Сания Мұратова, Қоғамдық кеңес мүшесі Жандос Жаңабай марапатталды. Марапатты қала әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова табыстады.

Сания Бұлқайырқызы - мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі бойынша тұрақты комиссиясының мүшесі. Көптеген әлеуметтік маңызы бар жобалар мен акцияларға белсене қатысады, соның ішінде демеушілік көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі жаңдардың, әсіресе балалардың мәселесіне баса назар аударып, қайырымдылық шараларды ұйымдастырады. Ақтөбе облысы және қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында қызмет етіп келеді.

Ал Жандос Кеңесұлы Қоғамдық кеңестің тұрғын үй-коммуналдық, аграрлық және жер мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы. Қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, әлеуметтік маңызды жобалардан тыс қалмайды. "Ақтөбе қаласының 150 жылдығы", "Ақтөбе қаласы мәслихатының 25 жылдығы" медальдарымен, "Жыл кәсіпқойы" орденімен, т.б. марапатталған.

Сондай-ақ медаль Димаштың алғашқы ұстазы Клара Кажгалиеваға табысталды. Клара Жанұзаққызы №32 мектептің бастауыш сынып мұғалімі. 33 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар ұстаздың шәкірттері елімізде, шет елдерде еңбек етеді. Соның бірі - әйгілі әнші Димаш Құдайберген.

Tengrinews
Материалды Ақтөбе әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети