Aldaspan тобы The Spirit оf Tengri фестиваліне фольклорлық бағдарлама дайындап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Aldaspan тобы The Spirit оf Tengri фестиваліне фольклорлық бағдарлама дайындап жатыр © Tengrinews.kz

Қазақстандық Aldaspan тобы төртінші рет ұйымдастырылғалы отырған The Spirit оf Tengri-2016 фестивалінде музыкалық жаңа бағдарлама таныстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Aldaspan тобы төртінші рет ұйымдастырылғалы отырған The Spirit оf Tengri-2016 фестивалінде музыкалық жаңа бағдарлама таныстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттардың айтуынша, жаңа әндер халық композицияларын тәжірибеден өткізу кезінде туындаған. "Қазір біз өте тың туынды дайындап жатырмыз. Өте қатты әсерге бөлейтін фольклорлық ән таңдап алдық. Бұған дейін үнемі авторлық әндер айтып келсек, енді белгілі фольклорлық әндерді айтып көреміз. Өзімізді осы бағытта сынап көргіміз келеді. Өзімізге қызық болды, тыңдармандарға да ұнайды деген ойдамыз", - деді топтың негізін қалаушы Нұржан Тойшы.

"Музыканттар орындайтын әндердің бірі - "Жарапазан". Бұл ән түрлі нұсқада айтылғанымен, біз өзімізге сәйкес келетінін таңдап алдық. Топ Ахмет Байтұрсыновтың махаббат туралы әнін де орындайды. Ол да екі нұсқада - "Аридаш" және "Екі Жирен" деген атаумен айтылады. Музыканттар оны рок стиліне ыңғайлап көрді. Үшінші композиция - "Жорғатай" атты халық әні", - деді музыкант.

"Біз халық назарынан тыс қалып жатқан мәдени бағытты қайта жаңғыртқымыз келеді. Бұл әуендерді жай ғана аспаптармен орындау арқылы халықтың назарын аудара алмайсың. Сондықтан да, The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі деп аталады. Біз де этникалық музыканы заманауи түрде жеткіземіз", - деді Нұржан Тойшы.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri - әлем елдерінің этникалық дәстүрін қазақ даласында көрсетуге арналған мульти-мәдени жоба. Жоба Tengri FM ұлттық радиостанциясымен құрылған.

Екі күнге созылатын The Spirit of Tengri фестивалі биыл 4-5 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында өтеді. Концерт былтырғыдай open-air форматында болады. Концертке келушілерге кіру тегін. Сахнаға шығатын орындаушылардың толық тізімі жақын арада жарияланады. Шараның бас серіктесі - Kaspi.kz.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети