15 сәуір 2014 | 09:40

Алла Пугачева 65 жасқа толды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алла Пугачева. ©РИА Новости Алла Пугачева. ©РИА Новости

Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева 15 сәуір күні өзінің 65 жасқа толған туған күнін атып өтуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева 15 сәуір күні өзінің 65 жасқа толған туған күнін атып өтуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.

Кеңес одағының және Ресей эстрадасының әншісі, продюсер, сазгер, КСРО халық әртісі Алла Пугачева 1949 жылы 15 сәуірде Мәскеу қаласында дүниеге келген. М.М. Ипполитов-Иванов атындағы училищеге қарасты музыкалық мектепте білім алды. Ол алғаш рет кәсіби сахнаға 16 жасында шығып, "Робот" деген әнді орындаған болатын. Он жылдан кейін Болграиядағы "Алтын орфей" фестивалінде "Арлекино" суперхитін орындап, Кеңес одағының нөмірі бірінші әншісіне айналды.

Алла Пугачеваның дискографиясында 100-ден астам пластинкасы,  CD және DVD дискілері бар. Оның альбомдары Ресейде және бұрынғы КСРО құрамында болған елдерде, шетелдерде шығып тұрады. 

Алла Пугачева көптеген марапаттар мен атақтардың иегері. 1991 жылы әншіге КСРО Халық әртісі деген атақ берілді. Сондай-ақ ол Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1995), 1999 жылы Алла Пугачева II дәрежелі "Отан алдындағы еңбегі үшін"  орденімен, 2009 жылы III дәрежелі орденмен марапатталған. Пугачеваның марапаттарының ішінде Әзірбайжан Достастығының ордені және Армения мемлекетінің ордені бар.

Алла Пугачева 2012 жылы әлемдегі ең танымал 100 әйелдің қатарына, 2013 жылы Ресейдегі элиталық ондықтың құрамына енді.

Алла Пугачеваның алғашқы күйеуі  - литвалық цирк өнерпазы Миколас Орбакас. Бұл некеден 1971 жылы қызы Кристина Орбакайте туған. Кейіннен әнші режиссер Александр Стефановичпен, продюсер Евгений Болдинмен тұрмыс құрды. 1994-2005 жылдар аралығында Алла Пугачева әнші Филипп Киркоровпен отасты. 2005 жылдан бастап ол Максим Галкинмен азаматтық некеде тұрды. Тек 2011 жылы ғана Алла Пугачева мен Максим Галкин некелерін заңдастырды. 2013 жылдың қыркүйек айында Алла мен Максим Лиза және Гарри атты егіздердің ата-анасы атанды.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети