Мәскеу соты әнші Алла Пугачеваның шағымы бойынша "Жұлдыздар фабрикасы" түлегі Ирсон Кудиковадан (шын аты Ирина Нусинова) 200 мың доллар көлемінде ақша өндірді, - деп хабарлайды РИА Новости соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пугачева өзіне келісімшарт бойынша мерзімде қаражаттың түспегені үшін сотқа шағымданған. Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, сот отырысына тараптардың өкілдері қатысқан.
"Келісімшарт бойынша қаражатты өндіру туралы шағым қанағаттандырылды. Сот жауапкерден 200 мың доллар көлемінде қаражат өндіруге, сонымен қатар бөтеннің қаражатын пайдаланудың 60 мың рубль болатын өсімін, пайыздарын және мемлекеттік салығын өндіруге қаулы шығарды", - деді агенттік өкілі.
Кудикова - Ресей әншісі, саксофоншы, музыкалық продюсер, актриса.