Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Алматыда 20-21 наурыз күндері "Наурыз Jam" атты мюзикл фестивалі өтеді

17 Наурыз 2014, 20:07
0
Nauryz Jam
Nauryz Jam
20-21 наурыз күндері Алматыда "Наурыз Jam" атты IV студенттік мюзикл фестивалі өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне шараның бас продюсері Жан Қастеев хабарлады. Фестивалді Pantograph продюссерлік орталығы Tengri FM радиосы және СТВ телеарнасымен бірлесіп ұйымдастыруда.

Студенттер мюзиклының фестивалі жыл сайын Алматыда өтеді. Командалар "Дала тарихы" деген тарырыпта толық мюзикл көрсету керек. Бұл жылы аталмыш іс-шараға Қазақ бас саулет-құрылыс академиясы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, "Тұран", Каспий университеті, СДУ, Азаматтық авиация академиясы, ХБА, Қазақстан-Неміс университеті және Халықаралық IT университеті сынды 10 жоғары оқу орындарының командалары қатысады. IV "Наурыз Jam" фестиваліне Азаматтық авиация академиясы, Қазақстан-Неміс университеті және Каспий университеті тұңғыш рет қатысқалы отыр.

"Бұл жылы фестивалдің қанаты қатайды. Барлық командалар биыл сөйлеу жанрынан бас тартып, ән және би жанрына көшті. Сондықтан да барлық шоу ән және би арқылы көрсетілетін болады", - дейді Жан Қастеев.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы "Наурыз Jam" фестивалінде Алматы энергетика және байланыс университеті құрамасының қойған мюзиклы үздік деп танылды. Ал, екінші орынды Халықаралық IT университетінің студенттері алса, үшінші орын "Тұран" университетіне бұйырған.




Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай