17 наурыз 2014 20:07

Алматыда 20-21 наурыз күндері "Наурыз Jam" атты мюзикл фестивалі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Nauryz Jam Nauryz Jam

20-21 наурыз күндері Алматыда "Наурыз Jam" атты IV студенттік мюзикл фестивалі өтеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне шараның бас продюсері Жан Қастеев хабарлады. Фестивалді Pantograph продюссерлік орталығы Tengri FM радиосы және СТВ телеарнасымен бірлесіп ұйымдастыруда. Студенттер мюзиклының фестивалі жыл сайын Алматыда өтеді. Командалар "Дала тарихы" деген тарырыпта толық мюзикл көрсету керек. Бұл жылы аталмыш іс-шараға Қазақ бас саулет-құрылыс академиясы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Алматы энергетика және байланыс университеті, "Тұран", Каспий университеті, СДУ, Азаматтық авиация академиясы, ХБА, Қазақстан-Неміс университеті және Халықаралық IT университеті сынды 10 жоғары оқу орындарының командалары қатысады. IV "Наурыз Jam" фестиваліне Азаматтық авиация академиясы, Қазақстан-Неміс университеті және Каспий университеті тұңғыш рет қатысқалы отыр. "Бұл жылы фестивалдің қанаты қатайды. Барлық командалар биыл сөйлеу жанрынан бас тартып, ән және би жанрына көшті. Сондықтан да барлық шоу ән және би арқылы көрсетілетін болады", - дейді Жан Қастеев. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы "Наурыз Jam" фестивалінде Алматы энергетика және байланыс университеті құрамасының қойған мюзиклы үздік деп танылды. Ал, екінші орынды Халықаралық IT университетінің студенттері алса, үшінші орын "Тұран" университетіне бұйырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети