22 сәуір 2014 | 16:42

Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі екінші рет өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Spirit of Tengri The Spirit of Tengri

Алматыда Tengri FM радиосы ұйымдастыратын The Spirit of Tengri фестивалі биыл да өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Tengri FM радиосы ұйымдастыратын The Spirit of Tengri фестивалі биыл да өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Концерт 7 маусым күні Республика сарайы алдындағы алаңда өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл шараны Алматы қаласының әкімдігі қолдап отыр. Бұл күні Бурятия, Саха, Австрия, Жапония, Эквадор және басқа да елдерден келген қазіргі заманғы этникалық музыканың айтулы өкілдері өнер көрсетеді. Олардың арасында әдеттегідей көмей әншілері де, халықтық аспаптарда ойнаудың виртуоздары да, ұлттық музыканың өзге бағыттарының шеберлері де болады.

Фестивальге қазақстандық орындаушылар да қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы музыкалық жоба "Алматы - ТМД-ның мәдени астанасы" жылы шарасымен орайластырылады. Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi bank.

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өтті. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети