Алматыда әйгілі Виктор Цойдың інісін жерлеуге анасы ақша таппай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әйгілі Виктор Цойдың інісін жерлеуге анасы ақша таппай отыр Иллюстрациялық сурет. © badnight.net

Әйгілі рок-музыкант Виктор Цойдың туысқан інісі Владимир Цойдың анасы ұлын қаржы жоқтығынан жерлей алмай жүр. Ер адам 8 тамызда жүрегі тоқтап, көз жұмған. Бұл туралы оның анасы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгілі рок-музыкант Виктор Цойдың туысқан інісі Владимир Цойдың анасы ұлын қаржы жоқтығынан жерлей алмай жүр. Ер адам 8 тамызда жүрегі тоқтап, көз жұмған. Бұл туралы оның анасы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

Жалғасы

Виктор Цойдың әкесі Роберттің әпкесі Татьяна Цойдың сөзінше, қазір оның ұлын әкімдік қаржысына жерлеу қарастырылған. Владимир Цой анасының үйін сатудан түскен ақшаны жұмсап тастағаннан кейін осындай ауыр күйге түскен. "Біз Қызылордаданбыз. Мен оған көмектесейін деп, үйімді саттым. Ол оның ақшасын шашып тастады. Немереммен бірге далада қалдық, Алматыдан шыға алмай қалдым, бір ғана зейнетақыға күн көріп отырмын. Мен де ақша қайдан болсын?", - дейді Татьяна Цой. 

Ол мәйітхана қызметкерлеріне 39 жастағы ұлын өз күшімен жерлей алмайтындықтан мүрдеден бас тартанынын жазған. Ал қызметкерлер Владимир Цойдың мүрдесі қазір мәйітханада жатқанын растады. 

"Егер мүрдені 10 күн ішінде алып кетпесе, онда ол әкімдік қаржысына Батыс зиратына жерленеді. Жеке қабірге қойылады. Басына ағаш тақтайша қойылады. Аты-жөні жазылмайды, тек нөмірі жазылады", - деп түсіндірді мәйітхана қызметкерлері.

Мамандардың есебі бойынша, басына құлпытас қойып жерлеу құны 70 мың теңге шамасында болады. 

Қазіргі кезде Татьяна Цой Алматыда Қалқаман ықшамауданында тұрады. Ол барақ үйлерде бір бөлмені жалдап отыр. Әйелдің қолында 18 жастағы немересі бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети