09 шілде 2014 | 10:27

Алматыда Қайрат Нұртасты тағы арандатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртастың анасы бұл жағдайды әдейі арандату деп санайды. Қайрат Нұртастың анасы бұл жағдайды әдейі арандату деп санайды.

Алматыда жас әнші Қайрат Нұртасқа қатысты тағы бір дау шықты. Қайрат жаңа музыкалық арнаның ашылу салтанатына қонақ ретінде шақырылған. Алайда ұйымдастырушылар соңғы сәтте аталған іс-шараның өтетін орнын Балуан Шолақ спорт сарайынан қарапайым мейрамханаға ауыстырған. Осы жағдайға байланысты әншінің фанаттары өздерінің наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арнаға" сілтеме жасай отырып. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жас әнші Қайрат Нұртасқа қатысты тағы бір дау шықты. Қайрат жаңа музыкалық арнаның ашылу салтанатына қонақ ретінде шақырылған. Алайда ұйымдастырушылар соңғы сәтте аталған іс-шараның өтетін орнын Балуан Шолақ спорт сарайынан қарапайым мейрамханаға ауыстырған. Осы жағдайға байланысты әншінің фанаттары өздерінің наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "31 арнаға" сілтеме жасай отырып. 

Салтанатты шара басталатын уақытта әншінің тыңдармандары спорт сарайының алдына жиналғанда олар ғимараттың алдындағы хабарламаны көреді. Онда мерекелік шараның басқа жерге ауыстырылғаны жазылған. 

Кейін ұйымдастырушылардың тиісінше билет сата алмағаны белгілі болды. Сондықтан шараны сапорт  сарайынан мейрамханаға ауыстырыпты. Алайда жиналған қауым мейрамханаға сыймай қалды. Өйткені зал 300 адамға ғана арналған, ал сатылған билет саны 700. Осы кезде көрермендер де, продюсерлер де ұйымдастырушыларды таба алмады.  

Қайрат Нұртастың анасы бұл жағдайды әдейі арандату деп санайды. "Ұйымдастырушылардың бәрі қашып кетті, ешкім оларды таппай қалды. Бізден басқа ешкім жоқ. Олар бізге ұшаққа билет алып бермекші болған. Менің түсінгенім, бұл Қайратқа қарсы ұйымдастырылған арандатушылық. Халықтың алдында ұятқа қалмау үшін біз өзіміз ұшаққа билет алып, ұшып келдік", - дейді Гүлзира Айдарбекова. 

Алайда спорт сарайындағылардың айтуынша, ұйымдастырушылар МС KZ музыкалық арнасының ашылуына байланысты әншінің қатысуымен өтетін концерттік шараның бұл жерде өтпейтінін алдын ала білген. "Олар 4-іне дейін жалға алу құнын төлеу керек болған. Содан кейін ғана біз оларды кіргізу керекпіз. Олар 2-сі күні бас тартты. Сондықтан біз өткізілетін шараның мұнда болмайтынын хабарладық", - дейді спорт сарайының директоры Серік Қанағат. 

Қайрат Нұртастың басы мұндай дауға бірінші рет қалып тұрған жоқ. Былтыр әншінің фанаттары "Прайм-плаза" ойын-сауық сауда орталығын қиратып кеткен болатын. Сол кезде 90 адам зардап шеккен.   

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети